Мирас Жугунусов — Мама текст песни
(Miras Zhugunussov)
Балалық барлық шалалығымды көтерген
Қателікпенен тентектігімді кешірген
Әрдайым менің желеп жебейтін қорғаушым
Маған ең қымбатсың менің жалғыз анашым
Жүрегіңе сиған таусылмайтын мейірім
Мейірімнен өмірлік күш алып жүремін
Қабағыңнан мүлде сыр бермейсің жадырап
Шаршасаңда жасырасың сезем, білемін
Уәде беремін,мама
Уайымдатпаймын
Бар үмітіңді енді ақтаймын
Жақсы көремін,мама
Алаңдатпаймын
Жылулығыңды жаныма сақтаймын
Ең асыл ана
Көше кезіп бұзық болған талай кездерім
Тіліңді алмай қаяу салған жаңға сөздерім
Балалықпен болды оның бәрі анашым
Кешірші қазір бәрін түсіндім,өзгердім
Куәгеріңмін мен күлкісіз күндеріңнің
Кінәгеріңмін ұйқысыз түндеріңнің
Қабағыңнан мүлде сыр бермейсің жадырап
Шаршасаңда жасырасың сезем, білемін
Уәде беремін,мама
Уайымдатпаймын
Бар үмітіңді енді ақтаймын
Жақсы көремін,мама
Алаңдатпаймын
Жылулығыңды жаныма сақтаймын
Ең асыл ана